Култешова Эльмира Рустемовна

2017ж үлкен ұлыма РАС, ЗПРР диагнозы қойылды. Ұлымыздың диагнозын естігенде, өмір тоқтап қалғандай көрінетін.  Мен диагнозды естігенде қабылдай алмадым. Балама қарап жылай беретінмін. Екінші балама дұрыс көңіл бөлінбейтін. Қатты күйзеліске түстім. Ерекше балалары бар әр отбасыға ЕҢ бастысы  бір-бірінің ҚОЛДАУЫ керек дер едім. Жолдасымның, ата-аналарымыздың қолдауы маған қатты көмектесті. Осы қолдаудың арқасында біраз қиыншылықтарымызды жеңдік. Біз жайлы естіген адамдар бізді батырсыңдар, мықтысыңдар дейді. Біз батыр да , мықты да емеспіз – біз тек ерекше баласы бар қарапайым отбасымыз. Уақыт емші деген дәл айтылған сөз тіркесі. Уақыт өте біраз нәрселер ұмытылды, артта қалды. Қазір балам 7 жасқа толды, биыл мектеп қабырғасын аттады. Бақыттымын, шүкір! Бірақ әлде де жасайтын жұмыстар әлі жетерлік.
Диагнозды енді білген ата-аналарға айтар кеңесім: уақытты өткізіп алмай ертерек балаларыңызды невропатологқа көрсетіп, емін алып, коррекциялық орталықтарға апарып, білікті мамандармен жұмыс жасау керек. Бассейн, иппотерапия, баламен үй жағдайында өзіңіз жұмыс жасаңыз. Тек БЕРІЛМЕ! ҰЯЛМА!

❤️Біздің Союзға кірген себебім, тағдырлас ата-аналар жиналып, бір-бірімізге қолдау крсетіп, балаларымыздың болашағы үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасау керекпіз. Балаларымыз ӨЗ ЕЛІНДЕ еркін жүру керек. Әр бала мектепке барып, шеттетілмей, қоғам өміріне  араласу керек. Болашақтары жарқын болуы тиіс. Сол үшін ат салысып жұмыс жасауымыз керек.

0 0 votes
Рейтинг статьи

Similar Posts

Subscribe
Notify of
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments